«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 102 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 24 маусымдағы № 330 бұйрығымен 2026 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Тапсырыс беруші:
1) Жобалауға арналған тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкiлеттi адамы (құрылыс салушы) жасайды және оны тапсырыс беруші бекiтедi.
Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.